Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Гүлдер» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттің қазыналық кәсіпорыны 1968 жылдан бері жұмыс істейді. 50 жылдан астам тарихы бар. Сыйымдылығы 140 балаға арналған.Мемлекеттік тілде білім мен тәрбие береді. Тәжірибелі, жоғары білімді, санатты 12 тәрбиеші, әдіскер,психолог, ән-күй жетекшісі жұмыс істейді. Балалардың жан жақты дамуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. 6 топ жұмыс істейді. 2 -кіші топ, 2-ортаңғы топ, 1-ересектер, 1-мектепалды даярлық. Бірінші санатты медбибі жұмыс істейді. Балалар төрт мезгіл тамақтанады. Балаларда аурудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Біздің балабақша-бақыт баспалдағы. Балабақша балаларға қызықты ойындар үйрететін, ертегілер айтатын, ән, би үйрететін және достармен қарым-қатынас жасай алатын шуақты мекен. Әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына ертеңге деген нық сенім, патриоттық сезімді ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа.