Жаңалықтар
Топтарда ертеңгіліктер өткізілді.Мақсаты:балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру,табиғаттағы қзгерістерді таныстыру және мерекелік көңіл -күй сыйлау.
Тоқаевтың бастамасымен басталған ауқымды жалпыұлттық экологиялық акция бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Негізгі мақсаты:табиғатқа ұқыпты қарау,туған жерді таза ұстау және отаншылдық құндылықтарын қалыптастыру.Біздің ұжым балабақша территориясын тазалап,өз үлестерін қосты.
«Берекелі алтын күз» атты табиғи материалдардан жасалған балабақшамызда қолөнер көрмесі өтті Көрменің мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,ата-анамен баланың бірлескен жұмысы арқылы отбасылық байланысты нығайту. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі қолөнер жасады.Ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы, бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы балабақша мен отбасы арасындағы жақсы қарым-қатынас қалыптасуына […]
Бөбекжайда «Рәміздерге тағзым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.Мақсаты:балалардың рәміздер туралы түсінігін нығайту,есте сақтау қабілеттерін дамтып,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Балаларды отансүйгіштікке,рәміздерді қастерлеп,құрметтеуге тәрбиелеу.
Ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Балалар ән айтып,би билеп,ойындар ойнады.Балаларымыздың дендері сау,қадамдары нық,армандары асқақ болып өсе берсін.Әр шаңыраққа қуаныш,әр балаға шат күлкі,әр отбасына амандық пен береке тілейміз!
«Бір тал-бір өмір» аясында бөбекжай ауласында /қызметкерлер,ата-аналар отбасы/ көшеттер отырғызылды. Мақсаты:экологиялық мәдениетті қалыптастыру,қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және экологиялық жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу,еңбекке баулу. Игі іс-шараға қатысқан ата-аналарымызға,қызметкерлерімізге рақмет айтамыз. Еккен ағаштарыңыз болашақта саялайтын орман болсын.
Күн мен түннің теңесетін,ақтың молаятын,табиғаттың оянатын мезгілі.Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз.Мықты денсаулық,көтеріңкі көніл күй тілейміз.Балаларымыз мерекеде ән айтып,би билеп,ұлттық ойындар ойнады.
Оған тәрбиеленушілеріміз,педагогтар,ата-аналар қатысты.Әжелеріміз «Тұсау кесу»,»Ат қою», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» рәсімдерін көрсетті. Балабақшада салт-дәстүрді үйрету,көрсету- ұлттық тәрбие негізі. Ұлттық тәрбие берудің мақсаты:балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру,тіл байлығын дамыту және салт-дәстүрді дәріптеу,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, салт-дәстүр негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу.Бұл іс-шаралар арқылы балабақшада салт-дәстүрді насихаттаужәне ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру мүмкіндігі туады.
Бөбекжайда жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің жаңа жыл» тақырыбында мерекелік іс-шаралар және «Шырша ойыншықтары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Бұл іс-шара бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес өткізілді.Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге әртүрлі материалдардан ерекше әдемі, қызықты қолөнер жасады. Бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз […]
