Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
— баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
— балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
— мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің байланыс телефондарын жазып алыңыз;
— бала ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
— балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
— балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
— өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың,электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
— көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
— балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
— балаға бағалы заттарды (ұялы телефон,ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
— балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
— балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
— мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекен жайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
— төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, телефондарына хабарласыңыз.