Сәтбаев қаласы «Гүлдер» бөбекжай КМҚК -да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар 2025 жылға құрылған жоспар бойынша жүзеге асырылуда.Мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұру, жолдама алу және қабылдау үрдісі толық электрондық формада жүргізіледі. 2025 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 9 бала электронды жолдамамен қабылданды. Ата-аналар үшін «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» жасалып, келісім шарт жасасуға көмек беріледі. Мектепке дейінгі ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай -ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында комплаенс қызметі жұмыс жасайды. Балабақша қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері ережесі құрылған. Комплаенс қызметіне жауапты тұлға болып балабақша тәрбиеші Жанділдә Қаламқас Әлімжанқызы тағайындалып, лауазымдық нұсқаулығына толықтырулар енгізілген.
Балабақшаның кіре беріс дәлізінде ата-аналар үшін құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз ақша жинау, сыйлық берудің алдын алу мақсатында сенім телефондары және ақпараттармен толықтырылған стенд ілінген.
Электрондық жүйе «Тамақтану модулі» жұмыс жасайды. Бұл жүйеде балалардың балабақшаға келуі, күнтізбелік ас мәзірі, күнделікті ас мәзірі және қоймаға келген және жұмсалған азық-түліктер көрсетіледі. Жұмысқа қабылдаудың ашықтығы және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Еңбек кз» сайтына бос орындар жарияланып отырады. «Гүлдер» бөбекжайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жалғасын табуда.
