Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сәтбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  және қалалық поликлиника өкілдері кездесу барысында ата-аналарға қаладағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайы және инфекциялық аурулардың алдын алуда екпе алудың маңыздылығы,оның  қауіпті инфекциядан қорғаудағы тиімділігі туралы ақпарат берді.Ата-аналардың жауапкершілігі ерекше аталып өтті.Жұқпалы аурудың таралуының алдын алу мақсатында балалардың денсаулығын тұрақты бақылау,алғашқы белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну,жеке бас гигиенасын сақтау және дәрігердің ұсынымдарын қатал орындау қажеттілігі түсіндірілді.