Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бөбекжайда жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің жаңа жыл» тақырыбында мерекелік іс-шаралар және «Шырша ойыншықтары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Бұл іс-шара бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес өткізілді.Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге әртүрлі материалдардан  ерекше әдемі,  қызықты қолөнер жасады.  Бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар.  Ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы,  бірлескен шығармашылық жұмыс,  жақсы қарым-қатынас  қалыптасуына ықпал етеді. Шығармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!

«Бауырсақ» тобы Тәрбиешілер Куланбаева М.К,Курманова Б.С