Бөбекжайда жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің жаңа жыл» тақырыбында мерекелік іс-шаралар және «Шырша ойыншықтары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Бұл іс-шара бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес өткізілді.Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге әртүрлі материалдардан ерекше әдемі, қызықты қолөнер жасады. Бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы, бірлескен шығармашылық жұмыс, жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Шығармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!
«Бауырсақ» тобы Тәрбиешілер Куланбаева М.К,Курманова Б.С











