«Қауіпсіз терезе» балалар қауіпсіздігі үшін маңызды бастама Ұлытау облысының білім басқармасы өңір тұрғындарының,әсіресе ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігі мәселесіне аударуға бағытталған «Қауіпсіз терезелер» ақпараттық -алдын алу науқанының жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты-тұрмыстық жазатайым оқиғалардың алдын алу,балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау,сондай ақ қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Құрметті ата-аналар!Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
- балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз
- москиттік торларға сенбеңіз- олар құлаудан қорғамайды
- терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құралдарын орнатыңыз
- жихазды терезеге жақын орналастырмаңыз
- балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз
Балалардың қауіпсіздігі -баршамыздың ортақ міндетіміз.



Жаңалықтар бөліміне
«Ғарыш әлеміне саяхат»
Балаларға ғарыш,ғарышкер туралы түсінік беру,айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту,үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету.
Сурет салу,ермексазбен жұмыс жасау,құрастыру





