Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Қауіпсіз терезе» балалар қауіпсіздігі үшін маңызды бастама Ұлытау облысының білім басқармасы өңір тұрғындарының,әсіресе ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігі мәселесіне аударуға бағытталған «Қауіпсіз терезелер» ақпараттық -алдын алу науқанының жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты-тұрмыстық жазатайым оқиғалардың алдын алу,балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау,сондай ақ қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Құрметті ата-аналар!Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:

  • балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз
  • москиттік торларға сенбеңіз- олар құлаудан қорғамайды
  • терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құралдарын орнатыңыз
  • жихазды терезеге жақын орналастырмаңыз
  • балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз

Балалардың қауіпсіздігі -баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жаңалықтар бөліміне

«Ғарыш әлеміне саяхат»

Балаларға ғарыш,ғарышкер туралы түсінік беру,айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту,үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету.

Сурет салу,ермексазбен жұмыс жасау,құрастыру