«КҮЗ — СЫЙЫ» атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі, қызықты қолөнер жасады. Бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы, бірлескен шығармашылық жұмыс, жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Шығармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!






