Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Міндеті:

● ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультативтік көмек көрсету және баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

● ата-аналарды (заңды өкілдерді) балаға оның жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсететін білім беру жүйесінің ұйымдары туралы хабардар ету.

● мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы проблемаларды тану, диагностикалау;

● мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-5 жастағы балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге көмек көрсету;

● ата-аналарға жаңа ақпараттық технологияларды таныстыру.

Мақсаты:

● мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

● отбасылық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

● мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

● мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың жан-жақты дамуын қолдау.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысандары

● жеке және шағын топтық кеңестер;

● семинар-практикумдар;

● дөңгелек үстелдер;

● пікірталастар;

● тренингтер.