«Берекелі алтын күз» атты табиғи материалдардан жасалған балабақшамызда қолөнер көрмесі өтті Көрменің мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,ата-анамен баланың бірлескен жұмысы арқылы отбасылық байланысты нығайту. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі қолөнер жасады.Ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы, бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы балабақша мен отбасы арасындағы жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!




