Жылдық жоспарға сәйкес біздің бөбекжайда мереке аталып өтті. Мақсаты:мерекені сезіну,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу,балалардың бір -біріне деген қамқорлық пейілдерін арттыра отырып достыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Балалар – біздің болашағымыз, оларды қорғау қоғамның басты аспектісі. Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады.
Мереке құтты болсын! Балаларға ашық аспан,бейбіт өмір,бақытты балалық шақ,сыңғырлаған күлкі тілейміз.Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз.







